Жас ұлғайғанда «КӘРІЛІК» комплексіне ұшырамаудың 5 жолы

0
334

Сізді қай жас көбірек қорқытады? Дәл сондай жаста керемет өмір сүріп жүрген адамдарды іздеңіз.


Жас ұлғайғанда «КӘРІЛІК» комплексіне ұшырамаудың 5 жолы

Сурет: static.locals.md

Қартаю – табиғи процесс екенін түсінсек те, оны қабылдау жеңіл емес. Әсіресе әрдайым жас әрі әдемі болуды армандайтын әйелдер үшін ауыр өзгеріс.

«Қартайып барамын» деген қорқыныш бойды билемеуі үшін не істеуге болады? Жастың ұлғайғаны өзіңді кем сезінбеудің жолы қандай? Кез келген жаста өзіңмен үйлесімді болуды қалай үйренуге болады?


1. Шындыққа тура қараңыз

Мәңгілік өмір мен жастық эликсирі әлі ойлап табылған жоқ. Дүниеге келген барлық адам қартаяды. Әйтеуір бір күні өмірден өтеді. Осы екі нұсқаны салыстырмалы түрде алсақ, ерте дүние салғаннан көрі қарттық жасқа жеткен әлдеқайда жақсырақ сияқты.

Әзіл әзілмен, бірақ бәрібір мынаны түсіну керек: әрбір адам міндетті түрде есейеді. Жасына қарай әртүрлі өзгерістерге тап болады — ішкі де, сыртқы да.


2. Өзіңізді айна алдында зерттеңіз

Шындықты мойындағаннан кейін айнаға қараңыз. Бірақ күнде үйреншікті түрде емес, жаңаша көзқараспен. Айнадағы бейнеңізді мұқият зерттеп көріңіз де, өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз: «Қалай көрініп тұрмын? Денем, бет-әлпетім қандай? Егер айнадағы әйел бөтен адам болса, оны қалай сипаттар едім?» Кейбір шындықтарды мойындағыңыз келмесе де, сұрақтарға шынайы жауап беріңіз. Дәл қазіргі сәтте қандай екеніңізді түсіну өте маңызды.


3. Дағдарыстың барлық кезеңін бастан өткеріңіз

Өзіңіздің егде тартып жатқаныңызды іштей сезгенде, сырттай одан қашуға, байқамауға тырыспаңыз. Батылдық жинап, біраз уақыт жайлылық аймағынан тыс болатыныңызға өзіңізді іштей дайындаңыз. Жас, әдемі қалпыңызбен қоштасу керек болатынын мойындаңыз. Бұл кезеңдегі дағдарыстан, жайсыз сезімдерден қашуға тырыспай, оны толықтай сезініп өткерсеңіз, жаңа қалпыңыздан өзіңізге мықты тірек пен негіз табасыз.

Сондай-ақ, сіз психиканың керемет қасиетін ашасыз: біздің ішімізде өмірдің әр кезеңіндегі барлық қасиеттер сақталып қалады. Ішкі бала, жасөспірім, жас қыз ешқайда жоғалмайды. Қайта ақылмен, тәжірибемен, мінез-құлықтармен толыға түседі.


4. Қиялдаңыз!

Сізді қай жас көбірек қорқытады? Дәл сондай жаста керемет өмір сүріп жүрген адамдарды іздеңіз. Мысалы, 80-дегі саяхатшы қариялар, 70 жасында теңіз жағасында мамыражай күн кешіп жүрген, т.б. жандар туралы оқыңыз. Өзіңізді де сондай бейнелерде елестетіп көріңіз.


5. Қазіргі сәттен ләззат алыңыз

Кез келген жастың жақсы жақтарын табуға болады. Артықшылықтарын көре алсаңыз, есею үрей емес, керісінше, жаңа деңгей, жағымды өсуге айналуы мүмкін.

Дайындаған: А. Керім,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Баланың ҚҰПИЯСЫН ата-ана БІЛУІ ТИІС пе?