Осы ҚҰПИЯНЫ білсеңіз, шаштың БҰЙРАСЫ ұзақ сақталады

0
176

Стайлердің қыр-сырын толық білмегендіктен, құдыретін толық қолдана алмай жүр


Осы ҚҰПИЯНЫ білсеңіз, шаштың БҰЙРАСЫ ұзақ сақталады

Сурет: ЖИ

Шашты кептіру, үтіктеу, бұйралау сынды бірнеше функцияны біріктірген мультистайлер қыз-келіншектердің күнделікті көмекшісіне айналды. Бір өзі бірнеше құрылғының орнын басады әрі шаш үлгісін жасауды жеңілдетеді. Алайда, қолында тұрған құралдың қыр-сырын толық білмегендіктен, көпшілігі әлі бар құдыретін толық қолдана алмай жүр.

Жаңа ғана бұйралаған шаштың көп өтпей-ақ пішінін бұзуы көңіл-күйдің де бұзылуына ықпал етеді. Бұл мәселемен біржола қоштасу үшін стайлерді қолданудағы бірнеше құпияны білу жеткілікті.


Бірінші құпия – термоқорғаныс

Ең бірінші сақталуы керек ереже – шашты ыстық әсерінен қорғау. Термоқорғаныс құралы ыстық құралдарды қолданбас бұрын міндетті түрде таза, сәл ылғалды немесе толықтай құрғақ шашқа жағылуға тиіс.

Өнімді шаш түріне қарай таңдаймыз:

  • Спрей түріндегі термоқорғаныс жұқа шаштарға өте қолайлы, ол шашты ауырлатпайды және біркелкі таралады.
  • Крем немесе сарысу қалың, қатты немесе зақымдалған шаштарда жақсырақ жұмыс істейді, өйткені олар тығызырақ қорғаныс қабатын түзеді.

Термоқорғаныс құралын шаштан 20–25 сантиметр қашықтықта шашыратып, ұзындығы бойынша біркелкі таралуы үшін тарақпен жүріп өт. Стайлермен жұмысты бастамас бұрын шаштың толық кебуін күт. Егер бұл қадамды өткізіп жіберсең, тұрақты сәндеуден кейін бір айдан соң-ақ шаш ұштарының үлпілдеп, сынғыш болып кеткенін көресің.


Екінші құпия – температураны дұрыс таңдау

Стайлер қолданғанда қыз-келіншектердің көпшілігі еш бас қатырмастан, бірден ең жоғары температураға қояды. Солайша жалпы шаштың саулығына да, дәл қазіргі жасаған шаш үлгісіне де өз қолымен зиян келтіреді.

Температура – бұл жай ғана дисплейдегі сан емес. Кем дегенде екі-үш деңгейлі болуы да бекер емес. Бұл – шаштың саулығына әсер ететін көрсеткіш.

  • Жұқа, зақымдалған немесе ағартылған шаш үшін 150-170 градусты таңда.
  • Орташа қалыңдықтағы шаш үшін қалыпты диапазон – 170-190 градус.
  • Қалың, қатты немесе табиғи қою түсті шаш үшін 200-210 градусқа дейін көтеруге болады, бірақ аса қажеттілік болмаса, одан жоғары шықпа.

Жалпы логика қарапайым: шаш неғұрлым жұқа әрі ашық түсті болса, температура соғұрлым төмен болуы керек.


Үшінші құпия – шашты дұрыс бөлу

Бұл қыз-келіншектердің 80 пайызы елей бермейтін қателік. Шашты дұрыс бөлмеудің салдарынан сәндеуге көп уақыт жұмсалады әрі бұйрасы біркелкі болмайды, ұзақ сақталмайды. Шашты көлденең сызықтармен бөл: алдымен жоғарғы бөлігін қысқышпен бекітіп қойып, төменнен жоғары қарай жұмыс істе. Бөлінетін шаштың ені: жұқа шаштар үшін 2–4 сантиметр, қалың шаштар үшін 5–6 сантиметрге дейін. Шаш неғұрлым жіңішке бөлінсе, бұйра соғұрлым айқын әрі ұзақ сақталады.


Төртінші құпия – шашты бірден жібермеу

Бұйраланған шаш бөлігін стайлерден шығарғаннан кейін оны бірден жібере салмай, ширатылған күйі алақанда 5–10 секунд қысып тұр. Қол жеңіл қысым түсіреді, соның арқасында бұйралар берілген пішінде тезірек бекиді және сәндеу керемет әсер береді. Содан кейін шашқа 15-20 минут тиіспе. Толық суып, бұйра иірімдердің шашқа «отыруына» мүмкіндік бер. Дәл осы ережені ұстанбау сонша уақыттық еңбекті жоққа шығарады.

Стайлерді дұрыс қолдану – тұтас бір техника. Одан бөлек, құралдың күтімі де маңызды. Әр қолданғаннан кейін оның толық суығанын күт. Содан кейін негізін сәл ылғалды матамен немесе стайлерді тазалауға арналған арнайы майлықпен сүрт. Өйткені сәндеуге арналған құралдардың қалдықтары қалған кір қондырма жылуды нашар өткізеді, бірқалыпты қызбайды және шашта із қалдыруы мүмкін.

Сондай-ақ стайлерді кәдімгі косметикалық сөмкеде емес, ыстыққа төзімді қапта сақта: бұл кабельдің де, жабынның да өмірін ұзартады.

Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жасарудың жаңа жолы – "лосось спермасы"