​КІРПІКті үй жағдайында да ӨСІРУГЕ болады

0
216

Ең нәтижелі әрі қарапайым әдістердің бірі -эфир майларын қолдану. Кастор, шалқан, бадам және кокос майларын қолдансаңыз болады.


​КІРПІКті үй жағдайында да ӨСІРУГЕ болады

фото: za.pinterest.com

Жасанды кірпікті жалғап, сыртқы келбетіңізді көркем етуге болатын шығар, алайда бұл уақытша дүние. Оның үстіне, оған арнайы күтім қажет, әйтпесе жасанды кірпігіңіз уақыт өте келе түскен кезде, өзіңіздің табиғи кірпігіңізді қоса алып түседі. Соның әсерінен кірпігіңіз сиреп, жұқарып кету ықтималдылығы да басымырақ.

Сондықтан, мейлінше өз кірпігіңізді күтіп, жасанды кірпіктердің орнына табиғи кірпігіңізді өсіріп, қалыңдатудың жолдарын қарастырыңыз.

Бұл үй жағдайында да жасауға болатын әдіс. Тек қана шыдам мен сабырлылық және тұрақтылық, жүйелілік керек.

Ең нәтижелі әрі қарапайым әдістердің бірі -эфир майларын қолдану. Кастор, шалқан, бадам және кокос майларын қолдансаңыз болады. Әрқайсысын жеке-жеке қолдансаңыз да, бірнешеуін араластырып қолдансаңыз да оң нәтижесін береді.

Күн сайын бір мезгіл ұйқыға жатар алдында осы эфир майларының бірін немесе бірнешеуін араластырып, кірпігіңізге таза щеткамен жағып шығу керек. Майлар фолликулдарды нәрлендіріп, түсуін тоқтатып, өсуін қамтамасыз етеді. 2-3 апта үздіксіз қолданғаннан соң нәтижесін байқайтын боласыз.


Құрамында пептиді бар сарысу (сыворотка)

Пептидтер кірпіктің түсуінің алдын алады, қалыңдап өсуіне көмектеседі.

Алоэ вера – нәрлендіреді, кірпіктің ұзын болып өсуіне ықпал етеді.

В тобындағы дәрумендерді қабылдау. Алдын ала офтальмологқа барсаңыз, қандай және қанша өлшемде ішу керектігін анықтап береді.

Массаж. Көзге, қабаққа жеңіл массаж қажет. Көздің айналасын, қабақ тұсын уқалағанда қан айналымы жақсарады, зат алмасу үрдісінің жұмысы жанданады.

Нәтижесінде ұсақ әжімдердің алдын аламыз, фолликулдардың түбі беки түседі, өсуі жақсарады.


фото: YouTube

Ескерту!

Бұл кеңестерді үзбей орындау керек. Сонда ғана нәтижесін көресіз.

Үй жағдайында кірпік өсіру әдістерін қолданып жатқан күндері кірпікті, көзді «демалдыру» керек, яғни, бұл кезде көзге макияж жасамаңыз.

Агрессивті косметика, суға төзімді тушь кірпікке зиян.

Көздің гигиенасын сақтаңыз, көзді қолыңызбен ұстай бермеңіз. Макияж жасасаңыз, арнайы өшіруге арналған құралдармен өшіріп, тазалықты сақтаңыз.

Ұйқының жетіспеушілігі, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, В тобындағы дәрумендердің жеткіліксіздігі шаш фолликулдарының жаңаруын (шаш, қас, кірпік) баяулатады. Сондықтан, кірпік, шаш пен қастың саулығы жақсы болсын десеңіз, ағзаңыздың саулығына мән беріңіз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Тырнақтың айналасындағы ТЕРІ «жалбырап» кете бере ме?

Суық ауа райында бетті күтудің қарапайым әдісі