Келесі ойында Жансая грузин гроссмейстерімен кездеседі.
ERNUR.KZ. Лозаннада (Швейцария) ФИДЕ әйелдер Гран-при сериясынан шахмат турнирі басталды. Жарысқа қазақ шахматшысы, халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік қатысуда, деп жазады Prosports.kz.
1-раундта қазақстандық шахматшы қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге қарсы ақ тастармен ойнады. Партияда жеңімпаз анықталмай, қарсыластар тең тарқасты.
Келесі ойында Жансая Абдумалик грузин гроссмейстері Нана Дзагнидземен кездеседі.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
