​Волейболдан Ұлттар кубогы: Қазақстан жартылай финалда Вьетнаммен ойнайды

0
171

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын қазақстандықтар Филиппин құрамасымен В тобындағы бірінші орын үшін сынға түсті.


​Волейболдан Ұлттар кубогы: Қазақстан жартылай финалда Вьетнаммен ойнайды

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

ERNUR.KZ. Вьетнам астанасы Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді, деп жазады inform.kz.

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын қазақстандықтар Филиппин құрамасымен В тобындағы бірінші орын үшін сынға түсті.

Осыған дейін Қазақстан 12, Филиппин 10 ұпай жинаған еді. Сондықтан қазақстандықтарға өз тобында көш басында қалуы үшін 2:3 есебімен жеңілсе де, жеткілікті еді. Алайда нағыз сын сәтте филиппиндіктер күш алып кетіп, дес бермеді – 3:0 (25:21, 25:15, 25:19). Бұған Иранмен өткен ойында Қазақстан құрамасының капитаны Сана Анарқұлованың жарақат алып қалуы да әсер еткендей.
Осылайша, В тобынан жартылай финалға Филиппин 13 ұпаймен бірінші, Қазақстан екінші орынмен жолдама алды.
Қазақстан жартылай финалда жарыс фавориті – Вьетнаммен ойнайды. Өткен жылы финалда қазақстандықтар дәл осы құрамадан ұтылған еді.