Халықаралық турнирде әлемнің 25 мемлекетінен 188 спортшы бақ сынады.
Фото: ҰОК
ERNUR.KZ. Мажарстан астанасы Будапешт қаласында халықаралық турнирде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды, деп жазады inform.kz.
Халықаралық турнирде әлемнің 25 мемлекетінен 188 спортшы бақ сынады. Ел құрамасынан Марлан Мұқашев
(55 келі) күміс жүлдегер атанса, Ержет Жарылқасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) үздік үштіктен көрінді.
Халықаралық турнирде әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс алса, Нилуфар Раимова (57 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі) мен еркін күрестен Асылжан Есенгелді (61 келі) қола алған еді.
Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.
Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер қатарында Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков бар.