Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
ERNUR.KZ. Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі жарыста жерлесіміз Бағдат Сабаз (-67 кг) грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.
Жарысты бастаған грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшылары осылайша 4 медаль олжалады.
Атап айтқанда, Юсуф Ашрапов (-72 кг) пен Бағдат Сабаз (-67 кг) финалда жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Ал Еркебұлан Ардақов (-63 кг) және Рахат Бержанов (-97 кг) өз салмағында үшінші сатыға тұрақтады.
Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпаймен 3-орынға тұрақтады.
Биыл турнирге әйелдер күресінен отандастарымыз бармады. Алдағы күндері бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.


