Бұл Азия чемпионаты World Boxing-тің азиялық "еншілесі" Asian Boxing қолдауымен өтуде.
Сурет: ҚБФ
ERNUR.KZ. Ташкентте 15 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының 1/4 финалында отандық боксшы Нұрислам Бақтыбаев 55 келіге дейінгі салмақта ирандық Пархамом Мишаманмен қолға түйістірді, деп жазады zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, жекпе-жек бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқталды. Осылайша жерлесіміз алғашқы раундта-ақ жекпе-жекті жылдам аяқтады.
Ташкенттегі бұл құрлықтық біріншілік соңғы жылдардағы өте ауқымды біріншіліктердің біріне айналды. Оған Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшылар қатысуда.
Бұл Азия чемпионаты World Boxing-тің азиялық "еншілесі" Asian Boxing қолдауымен өтуде.


