Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.
Сурет: olympic.kz
ERNUR.KZ. Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады zakon.kz.
Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.


