Садақ атудан ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

0
88

Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді.


Садақ атудан ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді, деп жазады Zakon.kz.


Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.

Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.