Криштиану Роналдудың ұлы Португалияның U-15 құрамасында алғашқы ойынын өткізді

0
173

Ол Хорватияда өтіп жатқан халықаралық Влатко Маркович турниріндегі Жапонияға қарсы матчта дебют жасады.


Криштиану Роналдудың ұлы Португалияның U-15 құрамасында алғашқы ойынын өткізді

Фото: Yasser Bakhsh / Getty Images

ERNUR.KZ. Криштиану Роналдудың 14 жастағы ұлы — Криштиану Роналду Жуниор Португалияның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында алғашқы рет алаңға шықты, деп жазады stan.kz.

Ол Хорватияда өтіп жатқан халықаралық Влатко Маркович турниріндегі Жапонияға қарсы матчта дебют жасады. Кездесу 4:1 есебімен португалиялықтардың жеңісімен аяқталды.

Жуниор 54-минутта ойынға қосылды. Ол кезде командасы "Брага" ойыншысы Рафаэл Кабралдың хет-тригі арқасында 3:0 есебімен алда келе жатқан еді. Жас Роналду әкесінің аңызға айналған 7-нөмірін киіп, шабуылдың сол қапталында ойнады. Гол соқпағанымен, оның өнері еуропалық алпауыт клубтардың скауттарының назарын аудартты. Олардың қатарында "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", "Бавария", "Боруссия Дортмунд", "РБ Лейпциг", "Интер" және "Ювентус" бар.

Осы ойыннан кейін Криштиану Роналду әлеуметтік желіде ұлының дебютімен құттықтап: "@selecaoportugal құрамасындағы дебютіңмен құттықтаймын, ұлым. Сенімен мақтанамын!" – деп жазды.

Айта кетейік, Португалия U-15 құрамасы турнир аясындағы келесі ойынын 16 мамырда Англияға қарсы өткізеді.