​Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында екінші орын алды

0
150

Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты.


​Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында екінші орын алды

Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы

ERNUR.KZ. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таэквондодан Әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық спортшылар 10-14 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында бес медаль алды.

Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті. Жалпыкомандалық есепте олар екінші орынға ие болды.
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Хамзаальпер Ромашкин (61 келі) мен Сағынғали Жантөре (65 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Аятжан Әмірханов (57 келі) күміс медаль алса, Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.