Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

0
70

Арнайы көлік шақыртуға бара жатқан кезде басқа автокөлік оған жол бермеген.


Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Оған басқа көлік жүргізушісінің жол бермеуі себеп болған. Апат сәті видеоға түсіп қалған, деп жазады zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 15 қарашаға қараған түні қаланың төртінші шағынауданындағы қиылыста болған.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы көлік шақыртуға бара жатқан кезде басқа автокөлік оған жол бермеген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның батысында Toyota Sienna және Niva көліктері қатысқан жол апаты болған. Салдарынан көлік жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты.