Қазақстанда амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттардың тізбесі жаңартылды

0
57

Биыл дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне 14 ауруды емдеуге арналған 22 заманауи препарат енгізілді.


Қазақстанда амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттардың тізбесі жаңартылды

фото: gov.kz.

ERNUR.KZ. 2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жекелендірілген жоспарлау жүйесін енгізді. Енді дәрілік препараттарға деген қажеттілік әрбір пациенттің жеке деректері мен тағайындалған емдеу терапиясының негізінде есептеледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

Биыл дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне 14 ауруды емдеуге арналған 22 заманауи препарат енгізілді.

Жаңадан анықталған пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және емдеудегі үзілістердің алдын алу мақсатында дәрілік заттардың азайтылмайтын қоры сатып алынатын препараттардың жылдық жалпы көлемінің 35%-ына дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар дәрілік препараттарды өңірлер мен медициналық ұйымдардың арасында жедел қайта бөлу тетігі қарастырылған.

Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 76 ауру бойынша 2,1 млн пациент жалпы сомасы шамамен 245 млрд теңгені құрайтын дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.

Әрбір пациентті қажетті дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету және емдеу курсының үздіксіздігін сақтау – басты басымдықтардың бірі.