Мергендеріміз әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
ERNUR.KZ. Кванджу қаласында (Оңтүстік Корея) садақ атудан әлем чемпионаты аясында блоктық садақ атудан жекелей сайыстар өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше Қазақстан құрамасының қос өкілі үздік ондыққа енді.
«Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық мергендер әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.
Айта кетері, ұлттық құрама әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.