Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатып, үздік ондыққа енді

0
83

Турнирге 24 спортшы қатысты, олардың тек үздік сегізі ғана 5000 метрлік қашықтықты еңсерді.


Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатып, үздік ондыққа енді

Фото: Ұлттық Олимпиада Комитеті

ERNUR.KZ. Нидерландының Херенвен қаласында классикалық көпсайыс бойынша Қазақстанның атынан Надежда Морозова қатысты, деп жазады Stan.kz.

Турнирге 24 спортшы қатысты, олардың тек үздік сегізі ғана 5000 метрлік қашықтықты еңсерді. Аталған сегіз спортшының қатарында отандасымыз Надежда Морозова да бар.

Соңғы қашықтықта ол өзінің жеке рекордын жаңартып, 7 минут 2,3 секунда келді. Көпсайыс нәтижелері бойынша қазақстандық спортшы жетінші орынға тұрақтады.

Норвегиялық Рагне Виклунд әлем чемпионы атанды. Күміс медальді нидерландиялық Марийке Греневуд жеңіп алса, қола медальді жапондық Михо Такагиге бұйырды. Михо Такаги кәсіби спортты аяқтауына байланысты арнайы рәсім ұйымдастырылды. Сонымен қатар чехиялық Мартина Сабликова да спорттық мансабын аяқтады.

Ерлер арасындағы классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионатына Қазақстан спортшылары қатыспады. Жарыстың жеңімпазы – норвегиялық Сандер Эйтрем, күміс медальді чехиялық Методей Йилек, ал қола медальді поляк Владимир Семирунний жеңіп алды.