Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастады

0
128

Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасының дзюдошылары 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды.


Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастады

Фото: Дзюдо федерациясы

ERNUR.KZ. Амманда дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.

Дзюдо федерациясы мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасының дзюдошылары 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды.

Ролан Қайырғали (-66 кг) - алтын

Айнара Сейітжанова (-48 кг) - алтын

Нұрбала Зайнул (-52 кг) - алтын

Ерасыл Ержанов (-66 кг) - күміс

Мұхамедали Закиров (-73 кг) - күміс

Дамеля Асылханова (-63 кг) - күміс

Айзат Наукенова (-48 кг) - қола

Айдана Абиханова (-63 кг) – қола