Ислам ойындары аяқталды: қазақстандықтар 56 медаль жеңіп алды

0
94

Қазақстан құрамасы 16 спорт түрінен өнер көрсетті.


Ислам ойындары аяқталды: қазақстандықтар 56 медаль жеңіп алды

© Photo : Спорт және дене шынықтыру комитеті

ERNUR.KZ. Ислам ойындарында қазақстандық 97 спортшының 56-сы медаль жеңіп алды, әр төртінші медаль – алтын, деп жазады sputnik.kz.
Ар-Рияд қаласында One Nation – Бір ұлт ұранымен өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өз мәресіне жетті. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты.
Қазақстан құрамасы 16 спорт түрінен өнер көрсетті: жеңіл атлетика, киберспорт, семсерлесу, гандбол, джиу-джитсу, дзюдо, карате, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, ушу және муай-тай.
"Ал бокс, волейбол, ат спорты, 3х3 баскетбол, футзал, дуатлон, түйе жарысы сынды спорт түрлері белгілі себептерге байланысты жарысқа қатыстырылған жоқ", - дейді ведомство.
Отандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында барлығы 56 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 20 күміс және 21 қола.
Бірқатар спорт түрінде алғаш рет ел қоржынына алтын медаль түсті. Атап айтсақ, дзюдодан Аруна Жангелдина, үстел теннисінен Кирилл Герасименко, муай-тайдан Тұрар Дүйсехан жеңіске жетті. Семсерлесуден ерлер командасы оқ бойы озды. Ал отандастарымыз джиу-джитсуда үш алтын жеңіп, үздік шықты.