Футболдан әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға әкелінді

0
99

Кубокты қазақстандықтарға футбол жұлдызы, 2006 жылғы әлем чемпионы Марко Матерации таныстырды.


Футболдан әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға әкелінді

Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. 26 қаңтарда футболдан әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға әкелінді. Кубок осымен екінші рет Қазақстанға тур аясында келіп отыр, деп жазады stan.kz.

Кубокты қазақстандықтарға футбол жұлдызы, 2006 жылғы әлем чемпионы Марко Матерации таныстырды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кубок әлемдік тур аясында 75 қалаға барады. Тур 3 қаңтарда Сауд Арабиясында басталып, футболдан әлемдік дода басталғанша жалғасады.

Алматыда өткен жиында Марко Матерации қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, 2026 жылы кім чемпион болуы мүмкін екеніне қатысты болжамын айтты.

кубок

Фото: Stan.kz

“Жылдар бойы мәртебесі төмендемей келе жатқан құрамалар бар. Мен — итальяндықпын. Сол үшін бірінші орынды Италия алады деп үміттенемін. Алайда нақты жауап бер алмаймын. Мессидің кейінгі жетістігін еске түсірейік. Ол ойнайтын Аргентина да мықты командалардың бірі екені анық. Бразилия мен Германияның да осал еместігін мойындаймын”, – дейді Матерации.

Әлем чемпионатының кубогы – 1974 жылдан бері қолданылып келе жатқан басты трофейлердің бірі. Ол 18 караттық алтыннан жасалған, салмағы 6,175 келі. Кубок жоғарғы деңгейде қорғалған және оны кім көрінген ұстай алмайды. ФИФА ережесіне сәйкес кубокты ФИФА президенті, мемлекет басшылары мен әлем чемпионатында жеңіске жеткен ұлттық құрама мүшелері ғана ұстайды.

Кубоктың астыңғы бөлігіне чемпионатта жеңіске жеткен елдердің аты жазылады. Қазіргі уақытқа дейін 13 мемлекеттің атауы ойып жазылған, ал кубок тік тұрғанда жазу көрінбейді.