Биылғы тұрақты чемпионат астаналықтар үшін сәтті болды.
ERNUR.KZ.  Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында тағы бір рекорд орнатты,  деп жазады vesti.kz.
Команда ҚХЛ тарихындағы қорғаныс бойынша үздік нәтиже көрсетті -  62 матчта 149 шайба ғана өткізген.
Мұның алдындағы көрсеткіш -  54 матчта 152 шайба - 2010/11 маусымында болған.
Еске салайық, "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы қарсылас қақпасына салған шайба бойынша да өз рекордын жаңартқан. 
Бүгін, 26 ақпан астаналық команда плей-оффтың алғашқы раундын бастап, ресейлік "Торпедомен" ойын өткізеді. Төрт жеңіске дейінгі серия Астанада бастау алады. Матчтің басталуы Астана уақытымен 19:30-да. 
                        
                        
                    
