Футболшы жарақатынан енді-енді айығып жатқанын атап өтті.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. "Динамо" футбол командасына жаңадан қосылған Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы ойыны туралы пікір білдірді. Футболшы түрік клубында 2023 жылдың жазынан бері ойнап келді, деп жазады sputnik.kz.
"Еуропадағы алғашқы жылым жаман болмады, 30 матчта ойнадым. Кейін жарақат алып қалып, жарты жыл өткіздім. Енді-енді қалыпқа келіп жатырмын. Маусымның алғашқы жартысы жақсы өтті, екінші жартысы жарақатыма байланысты сәтсіз болды", - деді Зайнутдинов.
Еске сала кетейік, Зайнутдинов Түркияға ЦСКА-дан ауысып барған болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирде 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. 2025 жылдың 28 шілдесінде Бактиер "Динамо" ойыншысы атанды.