Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

0
209


Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.


Отандасымыз жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Алтын медальді ресейлік Роман Минеев иеленді - 54:31. Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Сондай-ақ Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтады (55:17). Максим Шмулич 26-нәтиже көрсетті (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтады (56:35).