13 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен жарыста Жәния барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.
ERNUR.KZ. Болгарияның Панагюриште қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен алтын медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.
13 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен жарыста Жәния барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Ол өз жолында Болгарияның талантты теннисшілері — Радина Захариева, Мартина Николова, Белослава Балканскаяны, Словакиядан Вивьен Муркова, Румыниядан Карисс Сербан және Бьянка Тома сынды қарсыластарды еш қиындықсыз жеңді.
Айта кетейік, WTT Youth Contender — әлемнің жас теннисшілері арасында беделді саналатын халықаралық турнирлердің бірі.