​Жол қауіпсіздігі – басты назарда: Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде

0
61

Рейдтік іс-шаралар барысында анықталған автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.


​Жол қауіпсіздігі – басты назарда: Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзуды болдырмау және жолдағы тәртіпті арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Осы жұмыстардың кезекті кезеңі «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтуде.

Іс-шара барысында негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін өрескел заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға бағытталған.
Түнгі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында анықталған автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша да әкімшілік материал рәсімделді.
Жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларды анықтауға да ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, жүргізуші куәлігінен бұрын айырылған азамат басқарған Volkswagen Golf автокөлігі тоқтатылып, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шараның алғашқы күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1561 дерегі анықталды. Атап айтқанда: мас күйінде көлік басқарудың 3 жайты; көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың басқаруының 2 жайты; жүргізуші куәлігінсіз басқарудың 18 дерегі; жалған нөмір қолдану дерегі; қарсы бағытқа шығудың 8 жайты; нөмірсіз көлік басқарудың 7 дерегі; бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 10 жайты; рөлде отырып ұялы телефон пайдаланудың 117 фактісі және басқа да құқық бұзушылықтар анықталды.
Жүргізілген шаралар аясында 72 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Шымкент қаласында полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда.
Бөлісу