​ЖАСЫЛ ШЫМКЕНТ: экологияны жақсарту және жайлы ортаны кеңейту

0
74

2026 жылға 32 көшеге бұта отырғызу, 6 жаңа көшені толық көгалдандыру, 4 мың ағаш егу және орталық аймақтарда тік көгалдандыру жүйесін енгізу жоспарланған.


​ЖАСЫЛ ШЫМКЕНТ: экологияны жақсарту және жайлы ортаны кеңейту

Шымкент қаласы мегаполис ретінде қарқынды дамып, жасыл желек аумақтары жылдан жылға кеңейіп келеді.

2025 жылы 25 көшеде 500 мың м² газон төсеу, автоматты суару жүйелерін орнату және 33 су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 14 500 түп бұта және 152 мың түп ағаш егілді. Көгалдандыру Бозарық, Шымсити, Асар, Тұран шағын аудандары мен негізгі магистралдарда іске асуда.

2026 жылға 32 көшеге бұта отырғызу, 6 жаңа көшені толық көгалдандыру, 4 мың ағаш егу және орталық аймақтарда тік көгалдандыру жүйесін енгізу жоспарланған.
Абай ауданындағы бұрынғы полигон орнында «Экопарк» құрылысы басталды. Демеушілер есебінен 5 000 түп ағаш отырғызылып, 13 гектарға суару жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге 1 800 жеміс ағашы мен сәндік өсімдіктер егу қолға алынған.
Қалада МЖӘ аясында 6 жаңа гүлзар салынып, жылыжайларда 2026 жылға арналған гүл қорын өсіру басталды. Биыл 1,6 млн дана көпжылдық гүл мен 1,6 млн қызғалдақ отырғызу жоспарға сай орындалуда.
Бөлісу