Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
фото: Sputnik / Михаил Воскресенский
ERNUR.KZ. Ақтау теңіз портына кіреберістегі теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 2 қарашада сағат 16:55-те күзетілмейтін және реттелмейтін теміржол өткелінде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі шамамен 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан тепловозға жол бермеген", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан тепловозға елеулі техникалық зақым келді. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланған.
Алдын ала болжам бойынша жол апатына жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған.


