Ресейде дәмханада жанжал шығарған қазақстандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
134

Ресейдің Орынбор облысында 47 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.


Ресейде дәмханада жанжал шығарған қазақстандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ер адам алдымен жол бойындағы дәмханада жанжал шығарып, кейін полиция қызметкерлерін балағаттаған, деп жазады stan.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, дәмхана қызметкерлері мас күйдегі келушінің басқа қонақтарға кедергі келтіріп жатқанын айтып, құқық қорғау органдарына шағымданған.

Оқиға орнына полицейлер келгенде, ер адам үстел басында ұйықтап жатқан. Оны оятуға әрекет жасаған кезде ол агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолдануға тырысқан.

Осыдан кейін Қазақстан азаматы ұсталып, оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Кейін ол медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізген. Алайда медициналық мекемеде ер адам полиция қызметкерлерін көпшілік алдында балағаттаған.

Осы оқиғадан соң ер адамның үстінен “билік өкілін қорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, бүл үшін қазақстандыққа бір жылға дейін түзеу жұмыстары тағайындалуы мүмкін.