Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарқынды жалғасып келеді.
фото: ustinka.kz
ERNUR.KZ. Биыл мегаполисте 2 251 маманды «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 643 жас маманға жолдама берілді.
Аталған бағдарламамен қатар биыл Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасыда жүзеге асырылып отыр. Осы бағытта 1 161 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде 346 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданған.
Бағдарламаларға қатысу үшін жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан мәлімет ала алады.