Іс-шарада Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы кеңінен насихатталды
Шымкент қаласының Дін істері басқармасы «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясында жастар арасында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Жол-көлік колледжі студенттерінің қатысуымен өткен кездесу қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымдары мен өмір жолын, сондай-ақ, тарихи-танымдық еңбектерін насихаттауға арналды.
Семинарға арнайы мамандар қатысып, А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі, ел болашағы үшін атқарған еңбегі, тіл ғылымына қосқан үлесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі жөнінде кеңінен баяндады.
Танымдық жиында сөз алған Дін істері комитетіне қарасты «Ақниет» діни-танымдық орталығының қызметкері, дінтанушы Дәлелхан Оспанов бүгінгі семинардың маңызына тоқталды.
– Біздің бүгінгі колледж студенттерімен кездесуіміздің мақсаты – бұрынғы ата-бабаларымыздың, ғұлама ғалымдарымыздың атқарған жұмыстарын жастарға ұғындыру, жастарды жігерлендіру. Бүгінгі жиында айтылған ғылым-білім мәселесі. Қазіргі таңда әлем тыныш емес. Әлемді, Қазақстанды осындай тығырықтан алып шығатын жол – осы ғылым-білім. Жастарымыз ғылым-білімге ден қойып, онмыңдаған ғалым шығатын болса, еліміз 5 жылдың ішінде Жапонияға жетіп алатын еді. Біздің Ұлттық кодымызда рух бар, дух бар. Ата-бабаларымыздан келе жатқан білім-ғылымға деген ұстанымды жастарымыздың бойына дарытатын болсақ, алдағы уақытта мықты елдердің қатарына қосыламыз, – деді дінтанушы.
Жиын соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, белсенді жастарға ұлы тұлғалардың еңібектері табысталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.


