ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ЖАСТАРДЫ КӘСІБИ БАҒЫТТА ДАЯРЛАУ – сенаторлар пікір білдірді

0
66


ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ЖАСТАРДЫ КӘСІБИ БАҒЫТТА ДАЯРЛАУ – сенаторлар пікір білдірді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, жергілікті білім беру саласымен танысты.

Бұл сапар Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеуге, жастардың техникалық және кәсіптік білім алу мәселелерін талқылауға арналды.

Сенаторлар қалалық мәслихатта Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамымен кездесіп, өткен жылдың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарларды сараптады. Кездесу барысында халыққа ақпараттық қызмет көрсету, заңнамалық қолдаулар, Мемлекет басшысының реформаларын өңірде жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық даму, өзін-өзі жұмыспен қамту, цифрландыру мен еңбек нарығына бейімделу тақырыптары кеңінен талқыланды.
Сенаторлар сондай-ақ Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне арнайы барып, оқу орнының жұмысымен танысты. Колледж жұмысшы мамандықтарын даярлау бойынша өңірде жетекші оқу орны болып саналады. Бұл оқу орнында студенттер шетелдік және отандық бәсекелерде жоғары жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби жарыстарда жүлделі орындармен марапатталуда.
«Жұмысшы мамандықтары жылы – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерген жастарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект өміріміздің барлық саласына еніп, көптеген дәстүрлі мамандықтардың жойылуына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты жастарымызды жаңа заман талаптарына сай бейімдеуге ерекше назар аударылуы қажет», – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Бөлісу