«Таза Қазақстан»: Шымкентте рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс төгіп келген жүк көліктері анықталды

0
106

Қала бойынша 1355 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.


«Таза Қазақстан»: Шымкентте рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс төгіп келген жүк көліктері анықталды

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, жолы кесілді.

Тексеру барысында рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс төгіп келген 6 жүк көлігі анықталды. Кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, іс-шара барысында қала бойынша 1355 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ орындарды ластау, жасыл желектерге зиян келтіру, заңсыз сауда және өзге де құқық бұзушылықтар бар.
Жұмыстар жалғасуда, бақылау күшейтіледі.
Айта кету керек, Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған “Таза қала» акциясы өтуде. Аталған бастама - қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға және ортақ пайдаланылатын аумақтарды ұқыпты сақтауға бағытталған маңызды қоғамдық ісшара.
Акция аясында қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу, жасыл желектер мен саябақтардың тазалығын сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Тазалық мәселесі бұл - әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады.

Бөлісу