Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік.
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тұрақты жалғасуда. Кала аумағында тазалық шараларын атқару барысында мәдени мұра нысандары да назардан тыс қалған жоқ.
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан Қапал батыр, Сабыр Рақымов және Тұрар Рысқұлов ескерткіштері мен тұғырлары тазаланып, жуылды, айналасында санитарлық тазалық жүргізілді.
Бұл тазалық шаралар қала аумағын абаттандыруға, мәдени нысандар мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік.


