«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

0
122

Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында «Таза мекен» акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды.


«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты.

Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылды
Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында «Таза мекен» акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді.
Акцияға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды.
Қоғам белсендісі Бастархан Байжановтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл бастама қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған кешенді шара болып табылады.
Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудан мен тұрғын үй аулалары тазартылды
№16 шағын аудандағы №3 және №4 көп қабатты үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары өтті. Қураған бұталар кесіліп, ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысып, арнайы 4 техника көмегімен 30 тоннадай қоқыс шығарылды.
Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, көше сумен жуылды
Қалмырзаев көшесінде өткен тазалық жұмыстары барысында жол жиегі шөптен, қоқыстан тазартылып, асфальт беті сумен жуылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырады. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 арнайы техника жұмылдырылды