​ТАЗА ҚАЛА – ЖАЙЛЫ ОРТА: Шымкент көшелерінде кешенді тазалық жұмысы жүруде

0
54

Кешенді жұмыстар бекітілген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізіліп, қаланың әр аймағын қамтиды.


​ТАЗА ҚАЛА – ЖАЙЛЫ ОРТА: Шымкент көшелерінде кешенді тазалық жұмысы жүруде

Шымкент қаласында магистралды көшелерді кешенді тазалау жұмысы жалғасуда. Санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге және көрікті орта қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тиісті жұмысты 5 ауданға қарасты 5 мердігер мекемемен бірге негізгі магистральді көшелерде, жол жиектері мен көгалды аймақтарда, сондай-ақ, айналма жолдарда жүргізуде. Саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да назардан тыс қалмайды.
Жалпы тазалық, шөп ору, ағаштарды санитарлық қырқу жұмысына 2 мыңға жуық қызметкер мен 250-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.
Кешенді жұмыстар бекітілген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізіліп, қаланың әр аймағын қамтиды. Алдағы уақытта да тұрақты жалғасатын кешенді жұмыс мегаполистің әр көшесі мен саябағы таза әрі жайлы ортаға айналдыруға бағытталған.
Бөлісу