​Талдықорғандық әйел Шымкентте жалған пәтерлерді жалға берумен айналысқан

0
118

Күдіктінің төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды.


​Талдықорғандық әйел Шымкентте жалған пәтерлерді жалға берумен айналысқан

pinterest.com

Шымкент қаласының киберполицейлері интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беру арқылы ақша тапқаны белгілі болды.

Күдікті әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттарында пәтерді жалға беру туралы тартымды жарнамалар жариялаған. Потенциалды жалға алушылар хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, ол байланысқа шықпай кеткен.
Күдіктінің төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда.
Полиция ескертеді: интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болу маңызды. Белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аудармаңыз, пәтердің нақты бар-жоғын тексеріңіз, тек сенімді сервистерді қолданыңыз және міндетті түрде келісімшарт жасаңыз.
Егер сіз алаяқтық схемасының құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Бөлісу