​ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА БІР КҮНДЕ ҚОС ҚОЛА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

0
88


​ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА БІР КҮНДЕ ҚОС ҚОЛА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшылары жанкүйерлерге кезекті қуаныш сыйлады. Грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет пен Махмұд Сабырхан ел қоржынына екі қола жүлде салды.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мейіржан алғашқы белдесуінде ирандық қарсыласын – 14:5, екінші айналымда Оңтүстік Корея спортшысын 5:4 есебімен жеңді. Жартылай финалда жапон балуанына есе жіберген жерлесіміз қола медаль үшін белдесуде моңғолиялық Намсрай Батбаярды 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Бұл – Мейіржан Шермаханбеттің Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Ол 2023 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да Шымкент қоржынына қола жүлде қосты. Махмұд алғашқы кездесуінде ирандық қарсыласын – 5:0, екінші белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда жерлесіміз Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 2:3 есебімен есе жіберді.
Бөлісу