​ШЫМКЕНТТІҢ IT-ЭКОЖҮЙЕСІ: ИННОВАЦИЯ МЕН СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

0
112

Шымкент IT саласы бойынша өңірлік хабқа айналып, халықаралық деңгейде танылып келе жатқан цифрлық орталықтардың біріне айналуда.


​ШЫМКЕНТТІҢ IT-ЭКОЖҮЙЕСІ: ИННОВАЦИЯ МЕН СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Шымкент қаласында IT саласы қарқынды дамып, инновациялық экожүйе белсенді қалыптасып келеді.

Бұл үрдіс 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіштерден айқын байқалады.

Қаладағы Shymkent IT Hub алаңы бүгінде өңірлік инновация орталығына айналып отыр. Мұнда өткізілген іс-шаралар саны 55-тен 160-қа дейін өсіп, қатысушылар саны 3 мың адамға жетті. Сонымен қатар, стартап жобалар мен IT саласына тартылған жастар мен студенттердің саны айтарлықтай артқан.
2026 жылдың алғашқы тоқсанында бірқатар ірі цифрлық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Digital Nauryz жобасы аясында робототехника жарыстары, IT-көрмелер, хакатондар және цифрлық форматтағы ұлттық жобалар іске асырылды.
Халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғалардың бірі – Digital Qazaqstan форумы болды. Аталған іс-шараға 6 мыңнан астам қатысушы мен 150-ден астам спикер жиналып, цифрлық даму мәселелерін талқылады. Форум аясында 11 меморандумға қол қойылып, жаңа серіктестіктер орнатылды.
Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласының тек инфрақұрылымдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар адами капитал мен инновациялық әлеует тұрғысынан да қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді.
Нәтижесінде, Шымкент IT саласы бойынша өңірлік хабқа айналып, халықаралық деңгейде танылып келе жатқан цифрлық орталықтардың біріне айналуда.
Бөлісу