Шымкенттік тергеуші республикалық турнирде үздік атанды

0
77

Қатысушылар екі кезеңде бақ сынасты.


Шымкенттік тергеуші республикалық турнирде үздік атанды

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Тергеуші кубогы» байқауы өтті. 6 сәуір – Тергеушілер күніне орай өткен байқауға еліміздің әр өңірінен 250 тергеуші қатысты.

Қатысушылар екі кезеңде бақ сынасты. Бірінші кезеңде зияткерлік викторина тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы тәжірибе дағдыларын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Альнұр Исабеков І орынды жеңіп алды.
ІІ орынды Алматы облысынан қатысқан Али Мұмтаз ұтып алса, үш ІІІ орынды Аяна Мұлдашева (Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД). Әнуар Тұрабеков (Астана қаласы бойынша ЭТД) және Айгерім Изимова (Ұлытау облысы бойынша ЭТД) өзара бөлісті.
Бөлісу