Мұндай жетістіктер – тек жеке дарын емес, сонымен қатар жаттықтырушы еңбегі мен спорт инфрақұрылымының даму көрсеткіші. Келешекте бұл спортшыларды әлемдік ареналардан көреміз деген сенім бар. Ең бастысы – жүйелі қолдау, тәртіп және еңбек.
Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы каратэден Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар жарқын нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – жүйелі дайындықтың, кәсіби жаттықтырушылар жұмысының және спортқа қолдау көрсетіліп отырғанының нақты дәлелі.
⠀Нәтижелер:
Балнұр Құрбанәлі (61 кг, жасөспірімдер) — І орын
Айша Ұнталап (54 кг, жасөспірімдер) — ІІІ орын
Айжан Бәкірова (61 кг, жастар) — ІІ орын
Лаура Сағынбек (68 кг, жастар) — ІІІ орын
⠀Шымкенттегі спорт мектептерінде каратэ бағыты бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылған. Жасөспірімдер мен жастар арасында мықты резерв қалыптасып келеді.
Дархан Асаділов пен Софья Берульцева сынды әлемдік аренада аты танылған спортшылардың ізін жалғайтын буын өсіп келеді.
Мұндай жетістіктер – тек жеке дарын емес, сонымен қатар жаттықтырушы еңбегі мен спорт инфрақұрылымының даму көрсеткіші. Келешекте бұл спортшыларды әлемдік ареналардан көреміз деген сенім бар. Ең бастысы – жүйелі қолдау, тәртіп және еңбек.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасын, жаттықтырушылар құрамын және ата-аналарды құттықтай отырып, спортшыларымызға алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік тілейміз!