​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР 2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

0
80

Олимпиадаға берілетін жолдамалардың нақты саны қаңтар айының соңында түпкілікті бекітіледі.


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР 2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бес лицензия ұтып алды.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Италияда өтетін Олимпиадаға қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасында бес жолдама (4 ер, 1 әйел) бар.
Бұл лицензиялардың төртеуі Шымкент қаласының спортшыларына тиесілі. Атап айтқанда, Олимпиада ойындарында ел намысын Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас қорғайды. Жалпы, Олимпиадаға берілетін жолдамалардың нақты саны қаңтар айының соңында түпкілікті бекітіледі.
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додаға 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Бөлісу