​ШЫМКЕНТТІК САДАҚШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

0
77

Кезеңнің қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар биыл өтетін Азия ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болады


​ШЫМКЕНТТІК САДАҚШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Таиландтың астанасы Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогының бірінші кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық додаға Шымкент қаласының спортшылары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Командалық сайыста жерлестеріміз тамаша өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ерлер арасында Дастан Каримов топ жарып, чемпион атанса, ал әйелдер арасында ағайынды Роксана мен Диана Юнусовалар қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар, Диана Тұрсынбек те командалық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, аталған кезеңнің қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар биыл өтетін Азия ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Бөлісу