Шымкенттік педагог Аршалыдан абыроймен оралды

0
256


Шымкенттік педагог Аршалыдан абыроймен оралды

25 сәуір күні Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың 110 жылдығына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция «Ұлтына қорған болған ұлы тұлға – Жұмабек Тәшенов» деп аталды. Оған еліміздің қалаларынан педагогтар, Аршалы ауданының белсенді азаматтары Ж.Тәшеневтің туған жері ( Тентек) Елтоқ ауылдық округіне қарасты жерге орнатқан мемориалдық белгітасқа гүл шоқтарын қойып, марқұмның рухына құран оқыды.
Іс-шара барысында Аршалы кентіндегі "Жұмабек Тәшенев атындағы қазақ орта мектебінде" Ж.Тәшеневке арналған мұражай да ашылды.
Сондай-ақ, конференция барысында педагогтер арасындағы республикалық «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов» атты ақындар мүшәйра да өтті. Мүшайраға қатысқан Шымкент қаласынан Ә.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанат Сарбаев жоғары белсенділік танытты. Қорытындысында Қанат Нышанбайұлы І орынға ие болып, Шымкенттің абыройын асқақтатты.
Ұлы тұлғаға арналған конференцияның соңында жалпы білім беру мектептерінде Тәшеневтану патриоттық пәнін өткізу туралы ұсыныстарды ҚР Президентіне жолдау туралы ұсыныс қабылданып, бірауыздан бекітілді.
Бөлісу