Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстандағы креативті индустриялардың стратегиялық даму бағытын айқындайды

0
117

Басты басымдық шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға, отандық авторлар мен контент өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық шығармашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға беріледі.


Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстандағы креативті индустриялардың стратегиялық даму бағытын айқындайды

ERNUR.KZ. Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстандағы креативті индустриялардың стратегиялық даму бағытын айқындайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру міндетін қойып, бұл жұмысқа креативті индустриялар саласының белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті. Осы міндеттер саланың алдағы даму бағытын белгілеп, оның экономикалық, мәдени және технологиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануды талап етеді.

Басты басымдық шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға, отандық авторлар мен контент өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық шығармашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға беріледі. Креативті индустриялар таланттарды танытумен қатар, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, елге тың мүмкіндіктер әкелетін толыққанды экономика саласына айналуға тиіс.

Арман Қырықбаев: Креативті экономиканың дамуы нақты көрсеткіштерге, кәсіпкерлік бастамаларға және инвестицияға сүйенуі керек

Креативті индустриялардың ел экономикасына қосқан нақты үлесі қолданыстағы статистикада көрсетілгеннен ауқымды болуы мүмкін. Концерт ұйымдастыру, музыка бизнесін жүргізу, контент өндіру және тарату, әртістерді мәдени және коммерциялық жобаларға тарту, дизайн өнімдерін әзірлеу сияқты бағыттардағы қаржы айналымы қазіргі есепке алу тетіктерінде толық қамтыла бермейді.

Сондықтан деректерді жинау мен талдау тәсілдерін жетілдіріп, саланың жалпы ішкі өнім мен жұмыспен қамтудағы үлесін дәлірек анықтау маңызды. Шығармашылық кәсіптің заң аясында дамуына қолайлы жағдай жасау да қажет. Жеке инвестиция тарту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, мемлекет пен бизнес әріптестігін нығайту және жаңа нарықтарға шығуға әлеуеті бар жобаларды қолдау айрықша мәнге ие.

Мемлекет басшысының Жолдауы: Жасанды интеллект отандық креативті индустрияларға жаңа мүмкіндік ашады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруды жалпыұлттық міндет ретінде белгілеп, оған креативті индустриялар саласы да белсенді қатысуға тиіс екенін атап өтті.

Цифрлық технологиялар мәдени өнімді әзірлеу, өндіру және насихаттау тәсілдерін өзгертіп, кино, музыка, анимация, дизайн, баспа ісі және басқа да бағыттардың дамуына жол ашып отыр. Осыған орай мамандардың цифрлық сауатын арттыру, технологиялық және шығармашылық стартаптарды қолдау, өндірісте заманауи құралдарды қолдану және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану маңызды.

Бұл шаралар саланың еңбек өнімділігін арттырып, отандық контенттің аудиториясын кеңейтуге, ішкі және халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Президент Жолдауы: Жеке инвестиция мен кәсіпкерлік – креативті экономиканы дамытудың негізі

Креативті индустриялардың дамуы мемлекеттік қолдаумен қатар, жеке сектордың белсенділігін де қажет етеді. Саланың тұрақты дамуы үшін шығармашылық кәсіпкерлердің қаржы алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, инвестициялау тетіктерін дамыту, мемлекет пен бизнес әріптестігін ынталандыру маңызды. Коммерциялық әлеуеті бар жобаларды қолға алу үшін түсінікті әрі қолайлы талаптар қалыптастыру қажет.

Әсіресе киноиндустрия, музыка бизнесі, дизайн, баспа ісі мен цифрлық контент өндірісінде шығармашылық идеяны сұранысқа ие өнімге айналдыруға мүмкіндік мол. Қолайлы іскерлік орта тәуелсіз өндірушілерді қолдауға, жаңа инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға және креативті саланың экономикалық дербестігін нығайтуға ықпал етеді.

Мемлекет басшысының Жолдауы: Мәдени инфрақұрылымды жаңарту өңірлердің шығармашылық әлеуетін арттырады

Президент Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынып, барлық өңірде азаматтық инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде шығармашылық үйлерін, кітапханалар мен ғылыми орталықтарды салу және жөндеу қажетін атап өтті.

Бұл мәдениет нысандарын жаңартып, тұрғындардың мәдени және білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді. Заманауи шығармашылық үйлері мен кітапханалар білім алуға, бос уақытты мазмұнды түрде өткізуге, бастамаларды қолға алуға, таланттарды дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған қолайлы көпфункционалды орталықтарға айналуға тиіс.

Мұндай мүмкіндіктер ірі қалалармен қатар, аудан орталықтары, кенттер мен ауыл тұрғындарына да бірдей қолжетімді болуы маңызды. Мәдени инфрақұрылымды дамыту халықтың тұрмыс сапасын жақсартумен, адами капиталды арттырумен және өңірлердің шығармашылық әлеуетін ашумен тікелей байланысты.

Президент Жолдауы: Отандық шығармашылық өнім Қазақстан мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік береді

Креативті индустрияларды дамыту ішкі нарықпен шектелмейді. Қазақстандық шығармашылық өнімді шетелге таныту да – осы жұмыстың маңызды бөлігі. Кино, музыка, әдебиет, театр, дизайн және цифрлық контент халықаралық аудиторияға еліміздің мәдениетін, тарихы мен бүгінгі жетістіктерін таныстыра алады.

Сыртқы нарықтағы орнымызды нығайту үшін отандық авторлар мен өндірушілерді қолдау, мамандардың білігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажет. Қазақстандық жобалардың шетелдік фестивальдерге, көрмелерге және салалық жиындарға қатысуына жағдай жасау да маңызды.

Ұлттық болмысты сақтай отырып, өнім өндіру мен оны танытудың заманауи тәсілдерін қолдану отандық контенттің сапасын арттырып, танымалдығы мен бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Мемлекет басшысының Жолдауы: Білім, талант және жаңа дағдылар – креативті экономиканың басты байлығы

Президент Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуындағы білімнің, ғылымның, инновация мен жастардың ерекше орнын атап өтті. Креативті индустриялардың негізгі қозғаушы күші – адам. Жаңа идеяны ұсынатын да, оны сұранысқа ие өнімге айналдыратын да – мамандар, авторлар, орындаушылар, продюсерлер, дизайнерлер мен әзірлеушілер.

Сондықтан бейінді білім беру мен маман даярлау ісін жетілдіру, жас авторлар мен кәсіпкерлерді қолдау, заманауи технологияларды меңгеруге және кәсіби өсуге мүмкіндік жасау қажет.

Шығармашылық қабілетін цифрлық сауатпен және кәсіпкерлік дағдылармен ұштастырған жастар өз жобаларын дамытып, жаңа жұмыс орындарын аша алады. Бұл Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады.

Креативті индустрияларда адамның жасы мен мамандығына шектеу жоқ. Әркімнің шығармашылық қабілетін танытып, тың идеясын ұсынуына жол ашық. Әр жас үшін саланың дамуына үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруға мүмкіндік бар.

Арман Қырықбаев: «Кітап оқитын ұлт» жобасы қазақстандықтарды кітап оқу мәдениетін дамытуға жұмылдырады

Кітап оқитын ұлт қалыптастыру – мәдениет пен ағарту саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында оқырман мәдениетін дамыту, кітапхана инфрақұрылымын жаңғырту, отандық қаламгерлерді қолдау және ұлттық әдеби мұраны дәріптеу басымдықтары белгіленген.

Бұл жұмысқа мемлекеттік институттар, білім беру ұйымдары, кітапханалар, шығармашылық қауым және қоғамдық бастамалардың өкілдері қатысып келеді. Соның бірі – мектеп оқушыларын, студенттерді, педагогтерді, отбасыларды, еңбек ұжымдарын, мемлекеттік қызметшілер мен зиялы қауым өкілдерін қамтыған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, марафонға 1,4 миллионнан астам адам қатысып, 574 мыңнан астам кітап оқылған, 50 мыңға жуық бейнепікір жарияланған. Соңғы екі аптада оқылған кітап саны 2,6 есе, бейнепікір саны 2,5 есе артты. Кітапқа сұраныс та өсіп келеді: тоғыз айда сатылым 31%-ға көбейіп, 87 мыңнан 114 мың данаға жетті. ҚазҰЭК пайдаланушыларының саны 367,6 мыңға жетіп, электронды басылымдар 6,3 миллионнан астам рет қаралды.

Жобаның басты міндеті – кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру. Бұл жұмыс бір реттік акциялармен немесе оқылған кітап санын есептеумен шектелмеуге тиіс. Оқырманның ойды саралау қабілетін дамыту, танымын кеңейту, отандық және әлем әдебиетіне қызығушылығын арттыру маңызды.

Осы мақсатта кітапханаларды дамыту, сапалы әдебиеттің қолжетімділігін арттыру, авторлар мен баспа ісін қолдау қажет. Балаларға, жастар мен ересектерге кітапты насихаттаудың заманауи тәсілдерін ұсыну да осы жұмыспен қатар жүруі тиіс. Жыл соңына дейін тағы 28 кітапхананы жаңғырту жоспарланған. Астана, Алматы және Қызылордада Президенттік кітапханалар салынып, Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру жұмысы жалғасып жатыр.