​Шымкенттік оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

0
46


​Шымкенттік оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Шымкент қаласында Жол қауіпсіздігі апталығы аясында полиция қызметкерлері жас жол инспекторларымен бірлесіп, оқушылар мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жас ұрпақ арасында жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолдан өткен кезде мұқият болу және қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері мен жас инспекторлар қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратып, жаяу жүргіншілерді жолда тәртіп пен жауапкершілік танытуға шақырды.
Бөлісу