​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
116


​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Астана қаласында «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы өтті. 5-8 сынып оқушыларына арналған байқауға еліміздің 20 өңірінен 105 оқушы қатысып, 88 жобаны таныстырды.

Бұл бәсекеде Шымкент қаласының оқушылары да белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды:
І орын – Сәния Нұрланқызы (№55 орта мектептің 7 сынып оқушысы);
ІІІ орын – Елдос Құлахмет (№89 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы).
Байқау қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Бөлісу