Бұл нәтиже – шәкірттердің ізденісі мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің жемісі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық оқушылар айтысында Шымкент қаласының намысын қорғаған Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің шәкірттері жүлделі орындарға ие болды.
Айтыс қорытындысы бойынша:
Біржанұлы Исламәли – бас жүлде;
Бақтияр Айша – ІІ орын иеленді.
Жас ақындар ұлттық өнерді дәріптеп, суырыпсалма қабілеттері мен сөз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл нәтиже – шәкірттердің ізденісі мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің жемісі. Жеңімпаздардың жетістігі Шымкент қаласындағы қосымша білім беру жүйесінде ұлттық өнерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызын көрсетеді.


