Алматыда спортшылардың жаттығуға қатысуы цифрлық жүйе арқылы бақыланады

0
174

Платформа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тегін әзірленген.


Алматыда спортшылардың жаттығуға қатысуы цифрлық жүйе арқылы бақыланады

Фото: baq.kz

ERNUR.KZ. Алматыдағы №2 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығуға қатысуды есепке алатын Jump платформасы сынақтан өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.


Жаңа жүйе жаттықтырушыларға тәрбиеленушілердің жаттығуға келгенін динамикалық QR-код арқылы тіркеуге мүмкіндік береді Егер баланың телефоны болмаса, жаттықтырушы оның қатысқанын арнайы қосымшада белгілей алады

Ал ата-аналар платформа арқылы баласының жаттығуға барған-бармағанын тексере алады

Jump жүйесінде жаттығу кестесін, спорт топтарының тізімін және қатысуды есепке алатын электрондық табельді жүргізуге болады Сонымен қатар платформа жаттығудың уақыты мен өтетін орнын, спортшының тиісті топқа тіркелгенін ескереді.

Платформа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тегін әзірленіп жатыр.

Сынақ қорытындысы бойынша жүйені Алматыдағы басқа спорт мектептеріне де енгізу мүмкіндігі қарастырылады.