​ТҮРКІСТАН: «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасып жатыр

0
78

Жобаның негізгі мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау, олардың арман-тілектерін орындауға қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.


​ТҮРКІСТАН: «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасып жатыр

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың арманын орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы төрт жылдан бері жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың арманын орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы төрт жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында облыстың әр өңірінен өтініш-хат жолдаған 1000-ға жуық баланың тілегі орындалған.

Бүгін «Медина Палас» сарайында жобаның 42-шарасы ұйымдастырылып, Арыс, Бәйдібек және Сауран аудандарынан келген балалардың армандары орындалуда.

Ізгі бастамаға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы және кәсіпкерлер қолдау білдіріп отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау, олардың арман-тілектерін орындауға қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.

«Армандар орындалады» жобасы балаларға үміт сыйлап, олардың өміріне қуаныш ұялатуға бағытталған игі бастамалардың бірі болып табылады.

Бөлісу