Шымкенттік оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық сайыста жеңіске жетті

0
71

Бұл жеңіс — тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі.


Шымкенттік оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық сайыста жеңіске жетті

Шымкенттегі Cambridge Line оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық білім сайысында ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді.

21–26 қаңтар аралығында ұйымдастырылған беделді жарыста біздің оқушылар 2 дисциплина бойынша —
физика және астрономия/жаратылыстану ғылымдары бағытында бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді.
Бұл — білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеу әр оқушы үшін үлкен тәжірибе әрі болашаққа сенімді қадам.
Жеңімпаздар - Қасымбек Ғаламат және Бақытжан Әлмен — 10-сынып, Дәуренбек Рания — 7-сынып оқушылары.
Оқушылардың бұл жетістігінде жетекшінің еңбегі ерекше. Пириев Эльшан — кәсіби бағыт-бағдар беріп, шәкірттерінің әлеуетін ашуға зор үлес қосқан жетекші.
Бұл жеңіс — тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда көк туымызды желбірете беретініне сенім мол.
Бөлісу