Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың IV кезеңі аяқталды. Білім сайысына еліміздің барлық аймағынан келген 52 оқушы қатысты.
Олимпиада жүлдегерлерінің арасында шымкенттік Александр Фадеев жүлделі II орын иеленді.
А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы 4 жылдан бері республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің ғылыми биология мамандығы бойынша білім грантына ие болды.
Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің, білімге деген құштарлықтың айқын дәлелі.


